2026 жылдың 16 қыркүйек күні Ақсай ауылдық округіне қарасты, Қайрат ауылында орналасқан №2 Мыңбұлақ орта мектебінде «Зорлық-зомбылық бізге жат және мектептегі зорлық-зомбылық» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алуға және суицидтік тәуекелді азайтуға бағытталған психологиялық-педагогикалық профилактикалық жұмыстың тиімді жүйесін құру үшін орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының, әлеуметтік педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Шараға «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психологі Сейтаева Венера Серікқызы, нарколог-дәрігер Бердіхожаева Зоя Серікқызы СӨС маманы Шохатова Гүлшат Тұрлыбайқызы, әлеуметтік психолог Грекова Людмила Евгеньевна, және Жуалы АПБ ҚҚб ЮПТ КТІж аға УПИ полиция майоры Тәжібаева Меруерт Тойлыбайқызы қатысты.



















