«Қызғылт қазан» айлығы аясында Бәйтерек ауылында тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетті.
Шара барысында Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының мамандары ауыл әйелдеріне медициналық кеңес беріп, маммографиялық және ультрадыбыстық тексерулерден өтуге мүмкіндік жасады. «Әйел өмірі үшін» акциясының негізгі мақсаты – әйелдер денсаулығын қорғау, онкологиялық ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары флюорографиялық тексеруден өтіп, медицина мамандарынан кеңес алды. Тұрғындарға тегін дәрі-дәрмектер таратылып, аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай көшпелі медициналық шаралар ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге, ауруларды ерте анықтауға және халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Жуалы аудандық орталық ауруханасы тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
«Қызғылт қазан» – «Әйел өмірі үшін» акциясы Бәйтерек ауылында өтті



















