"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Төкежанов Болат Тұрғанұлы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Төкежанов Болат Тұрғанұлы Жамбыл облысындағы іс-сапары негізінде 03.04.2019 жылы Жуалы ауданында орналасқан бірқатар медициналық мекемелердің жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда Қарасаз дәрігерлік амбулаториясы және Нұрлыкент дәрігерлік амбулаториясы. Сапар барысында 2020 жылдан бастап жаңа мемлекеттік бағдарламасының әзірлену барысы, денсаулық сақтау саласындағы жаңа нормативтік құқықтық актілері туралы ақпарат, қаржыландыру, медициналық қызметкерлердің жалақысын 30 % көтеру, психико-эмоционалдық жағдайда жұмыс атқаратын медицина қызметкерлерінің ерте зейнеткерлік демалысқа шығу мәселесі (әйел – 51 жас, ерлер – 55 жас) талқыланды.