"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті

 

Биылғы сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарна мөлшері 9,5 млрд теңгеге жетті.

 

 

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта Қорға 167,2 млрд теңге түсті. Аударымдарды жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар, сондай-ақ жұмыс берушілер аударған.

 

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 94,8% немесе 158,5 млрд теңгесі жұмыс берушілерге, 5 пайыздан астамы немесе 8,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санатқа тиесілі.

 

Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,9% құрады.

 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы,   Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

 

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерік басқару туралы келісімшарт бекітілген.

 

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры»

КЕАҚ Жамбыл облысы

бойынша филиалы