"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Құрметті аудан тұрғындары!

Жуалы аудандық орталық ауруханасында тұмауға қарсы вакциянация жүргізілуде

Тұмау, короновирустық  инфекция және басқа ЖРВИ қоздырғыштарымен күресуге бағытталған үнемі күш-жірегрге қарамастан, оларды жеңу әлі мүмкін емес. Жыл сайын мыңдаған адам тұмаудың асқынуынан қайтыс болады.

Вирусты жұқтыру кім үшін ең қауіпті?

Инфекцияны жұқтыру әсіресе балалар мен қарт адамдарға аса қауіпті, бұл жас топтары ауырған кезде өте қауіптіасқынулар дамуы мүмкін. Балалардың иммундық жүйесі бұл вируспен әлі кездеспегендіктен, ал қарт адамдар үшін, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар үшін вирус иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты қауіпті.

Тәуекел топтары

  • Балалар
  • 60 жастан асқан адамдар
  • Өкпенің созылмалы аурулары бар адамдар (бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы)
  • Жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар (туа біткен жүрек ақаулары, жүректің ишемиялық аурулары, жүрек жеткіліксіздігі)
  • Жүкті әйелдер
  • Медицина қызметкерлері
  • Қоғамдық көлік, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметкерлері.

 

Тұмау мен ЖРВИ маусымы шамамен 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.

 Сондықтан аудан тұрғындарын тұмауға қарсы егу алуыңызды сұранады.

 

Тұмауға қарсы Вакцинация әсіресе қауіп тобына кіретін адамдарға қажет.