"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Тұмауға егу

Тұмау дене қызуының кенет көтерілуімен, жөтелмен (әдетте құрғақ), бас ауруымен, бұлшық еттің, тамақтың ауруымен, мұрынның бітеліп,  түшкірумен сипатталады. Жөтел үдеп, ол 2 аптаға созылуы мүмкін. Көптеген адамдарда температура қалыпты жағдайғатүсіп , тұмау белгілері бір апта ішінде медициналық көмексіз өз бетінше жазылады . Бірақ әлсіз, иммунитеті осал адамдарда тұмаудың асқынулары  өлімге әкеліп мүмкін. Тұмаудың алғашқы белгісін сезсеңіз, өзгелерге жұқтырмау үшін ешқайда (жұмысқа,сабаққа, балабақшаға) бармай, үйде қалып емделуге бірден кірісіңіз. Дәрігер шақырып, тұмауды жұқтырмау мақсатында науқасты оқшаулап, бөлек бөлме ұсынған абзал. Тұмауға қарсы профилактиканың негізі – вакцинация болып табылады . Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы эпидемиялық маусымда ұсынған тұмау вирустарының штаммдары бар тиімді тұмауға қарсы вакциналар арқылы жасайды.Тұмауға қарсы егілген адам ауру жұққан жағдайда жеңіл түрде өтеді . Сонымен қатар   С дәруменін, итмұрын итбүлдірген, қарақат тұнбасын ішіп, цитрустар жеңіз. Респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алуда жеке гигиенаны сақтау  маңызды рөл атқарады. Сондықтан қолыңызды жиі жуыңыз. Жолда, қоғамдық көліктердегі тұтқалар, қоғамдық ғимараттардағы есік тұтқасы және т.б. – бәрі тұмау вирусының таралу қаупінің жоғары көзі болып табылады, жоғарыда аталған кең таралған жерлермен кез келген байланыстан кейін міндетті түрде қолыңызды жиі сабындап жуғаныңыз абзал .Тұмау эпидемиясы кезінде күн сайын үйге оралғанда қолды сабындап жуған соң, дұрыстап сіңбіріп, содан кейін саусаққа сабын жағып, танауыңыздың ішіне жағып жуып-шайған абзал. Қатты ауырғанда ауруханаға жатудан бас тартпаңыз. Уақтылы емделу аурудың асқынып кетуіне жол бермейді. Өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау, тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу денсаулықты сақтап, өмір сүру сапасын жақсартып және отбасылық бюджетті үнемдеуге септігін тигізеді.

 

Аудан тұрғындарына тұмау эпидемиясның алдын алу мақсатында тұмауға қарсы егу жұмысы бүгінгі күні басталды . Тегін екпе алу үшін өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі медициналық мекемеге жүгініңуіңізді сұранамыз

 

Ауырудың уақтылы алдын алып  өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарайық .