"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Орталық ауруханада алғашқы рет лапароскопиялық ота жасалды

Жуалы аудандық орталық аурухана деңгейінде алғашқы рет гинекологиялық науқасқа лапароскопиялық ота жасалды. Науқас П.Н амбулаторлық деңгейде толық зерттеулерден өткеннен кейін , стационар дәрігерлері қаралуында болып , лапароскопиялық әдіспен ота жасау ұсынылған. Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Жуалы аудандық орталық ауруханасында аудандық акушер-гинеколог Г.С.Егізбаева қалалық аурухананың дәрігерлерімен бірлесе ота жасады. Ота жатыр қосалқылары патологиясына , аталған әдіспен жасалды, ота сәтті өтті. Қазіргі сәтте науқас отадан кейінгі жағдайда , белсенді , үйіне шығаруға дайындалуда . Қазіргі таңда лапароскопия ең қолайлы, аз жарақаттайтын, соңғы жылдары оң нәтиже беріп жүрген әдіс. Біздің аурухана осы әдіспен емдеуге толықтай дайын.#ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl