Скринингтен уақытылы өту маңызды!
2021-2025 жылдарға арналған«Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру, ауруды ерте сатысында анықтау және алдын алу мақсатында 2022 жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін скринингтер енгізілді.
Скринингтен кім және қашан өту керек:
Скрининг-бұл белгілі бір жастағы сау адамдарға қауіп факторлары мен ауруларды ерте сатысында анықтау үшін профилактикалық медициналық тексеру.
Скринингтік тексерулер ауруды ерте кезеңде немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеуді таңдауға және алдын алу шараларының кешенін тағайындауға көмектеседі.
Скринингтік зерттеулерге жататын тұлғалардың қосымша нысаналы топтары:
- скринингтік тексеруден өтіп жатқан 18 бен 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;
- артериялық гипертензиямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен, глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 18 бен 39 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер скринингтік зерттеулерден өтеді;
-асқазан-ішек жолдарының аурулары және созылмалы бүйрек ауруларымен динамикалық бақылауда тұрмайтын 18 бен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер скринингтік зерттеулерден өтеді,;
- тыныс алу органдарының туберкулезімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер скринингтік зерттеулерден өтеді;
- простата обырымен динамикалық бақылауда тұрмайтын 55 пен 70 жас аралығындағы ер адамдар скринингтік зерттеулерден өтеді.
Тексеру жүргізу тәртібі
-Пациент скринингтік тесттен өтеді: тамақтану, жаман әдеттердің болу болмауы, физикалық белсенділік деңгейі, тұқым қуалайтын аурулары және т. б. сұрақтарға жауап береді.
-Науқастың бойы мен салмағы бірден өлшенеді, Кеттле индексі анықталады, холестерин мен қандағы қант деңгейі экспресс әдісімен анықталады, қан қысымы мен көзішілік қысым өлшенеді.
- Әрі қарай, қажет болған жағдайда дәрігер қосымша тексеруге немесе керекті маманнан кеңес алуға жолдама береді.
- Науқас скринингтік кабинетте тексеруден өткеннен кейін (мінез-құлық факторларын, гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау үшін) ол онкопатологияға тексеріледі (егер ол жасына байланысты скринингтің осы түріне жататын болса).