Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің "Сенім" жастар денсаулық орталығының психологі В.Сейтаева , мед бикесі Л.Мамедова Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұжымымен бірлесе отырып, жасөспірім қыздар арасында "Жатқылықтардың қыздар тағдырына әсері", "Есірткінің зияны туралы", "Темекінің зияны және темекішегушіліктің алдын алу", "ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алу", "Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу", "Адам өмірі бәрінен қымбат!", " Адам өмірінің басты құндылықтары” тақырыптарында іс шаралар өткізілді. Іс шара барысында психологиялық жаттығулар жүргізіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.