Бала емізудің тәсілі және тиімдігі
Жуалы аудандық орталық ауруханасында отбасын жоспарлау және болашақ ана мектебінде акушер А.Е.Тойбекова болашақ аналарға балаларды дұрыс емізу және ана сүтінің пайдасы жайлы дәріс өткізді.
Дәрігерлер, медбикелер және акушерлер босанғаннан кейін бірден кенгуру әдісі деп аталатын «теріге тері» байланысын жасау тәжірибесін қолдайды. Нәрестенің терісі сіздікімен жанасатын тікелей байланыс орнату нәрестенің емшекті табуына және емуіне көмектесетін өте маңызды тәжірибе. Бала туылғаннан кейін бір сағат ішінде тиісті әрекеттерді орындау және оларды жиі қайталау емуді үйренуге көмектеседі. Егер анасы мұны істей алмаса, оның серіктесі немесе отбасының басқа мүшесі көмекке келе алады.
Омыраумен емізудің артықшылықтары
Бала үшін:
Ана мен бала арасындағы байланыс (анасымен тығыз байланыстағы балаға қорғаныш сезімін беріп, тыныштандырады; тамақтандыру кезіндегі баланың анасымен қарым-қатынасы баланың эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына көмегін тигізеді).
Толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организмне түсуін қамтамасыз етеді.
Асқазан-ішек жолдарының функциясын реттейді (диспепсиялық аурулар жиілігі мен ұзақтығын азайтады).
Иммунологиялық қорғаныс пайда болады(омырау сүтімен тамақтанатын балалар 2,5 есе аз ауырады және де алғашқы 6 айда диареядан қайтыс болатын балалар санынан 25 ке кем болып келеді
Ана үшін:
Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі, және де анасындағы гемоглобин қорын сақтайды.
Омыраумен емізу дұрыс жүргізіліп отырса, жүктілік алдын алады, яғни 6 айға дейін (және де лактациялық аменорея ана организмін темір жоғалтудан сақтайды).
Климакс алды кезеңде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді.
Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезім дамытады.@densaulyk.zhambyl
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/464-bala-emizudi-t-sili-zh-ne-tiimdigi.html#sigFreeId71da59f6b7