Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының 30 желтоқсан 2022 жылғы №527-ө бұйрығы негізінде Бастапқы медициналық санитариялық көмек мекемелерінде «Халыққа жақын медицина» атты тақырыпта ашық есік күнін өткізу іс-шарасы кестеге сәйкес 2023 жылдың 26 қаңтарында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров және орталық мамандары: ахуалды орталық жетекшісі Н.Қ.Арысбаев және торакальды оташы дәрігер Т.С.Бердалиев, фтизиопедиатр П.Д.Дүйсеманова Жуалы аудандық орталық ауруханасында болып,аурухана бас дәрігерімен, бас дәрігердің орынбасарларымен жүздесіп, емханада ем алып жүрген, диспансерлік есепте тұрған пациенттерді қабылдап, кеңес берді. Ахуалды орталық жетекшісі Н.Қ.Арысбаевтың тарапынан флюорожоспар және оны орындау барысында атқарылатын жұмыстар жайында семинар өткізілді.