"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы ауданының жастары мен жасөспірімдерін Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің «Сенім» Жастар денсаулық орталығына шақырамыз.

Жуалы ауданының жастары мен жасөспірімдерін Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің «Сенім» Жастар денсаулық орталығына шақырамыз.
«Көмек керек болса, біз қасыңдамыз»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Жамбыл облысы бойынша жастар денсаулық орталығының жұмысын жандандыру мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесітуралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 13 бабының 4 тармақшасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облысы бойынша жастар денсаулық орталығының жұмысын жандандыру туралы» 15.04.2021 жылғы №204-ө бұйрығын орындау мақсатында 20.04.2021 жылы № 111-ө бұйрығы шығып Жуалы аудандық орталық ауруханасын «Жастар денсаулық орталығы» ашылып, кәзіргі таңда жұмыс жасауда.
«Сенім»жастар денсаулық оралығының басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау, репродуктивті денсаулықты қорғау, оның ішінде ерте жыныстық белсенділіктің алдын алу, контрацептивтерді қолдану, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы ақпараттандыру.
-«Сенім»ж астар денсаулық орталықтары қандай көмек көрсетеді?
-Жастар денсаулық орталықтары (Жастар денсаулық орталықтары) – репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша 10 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға және 18 бен 29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдік-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және құқықтық қызмет көрсетеді.
-Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?
☑Репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер;
☑Гинекологтың, урологтың, дерматовенерологтың консультативтік көмегі;
☑Емдеу-профилактикалық көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикалау және емдеу;
☑Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық диагностика, коррекциялық қолдау, консультативтік көмек).