"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жуалы ауданында «Целиакия» диагнозымен 5 бала есепте тұрады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы ҚР ДСМ-89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға сұранысты қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 18 тармақшасына сәйкес мамандандырылған емдік өнімдермен, оның ішінде бейімделген емшек сүтін алмастырғыштармен қамтамасыз ету медициналық–санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің кешенін және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады. 2023 жылдан бастап «целиакия» диагнозымен есепте тұратын науқастар емхана арқылы мамандандырылған емдік өнімдермен (аглютенсіз өнімдер) қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда есепте тұратын науқастарға арнайы өнімдері Жуалы аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, ата-аналарына берілді.

 #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl