"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
2022-2023 жылдарға жоспарлаған маңызды жұмыстардың бірі - аурухананың қабылдау бөлімін триажды жүйеге қосу мақсатында жалпы құны 39,844млн теңгеге қосалқы құрылыс жұмыстары жүргізілуде
2022-2023 жылдарға жоспарлаған маңызды жұмыстардың бірі - аурухананың қабылдау бөлімін триажды жүйеге қосу мақсатында жалпы құны 39,844млн теңгеге қосалқы құрылыс жұмыстары жүргізілуде .
ҚР ДСМ 2017 жылдың 3 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» №450 бұйрығына сәйкес ШЖҚ «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» МКК стационарлық көмек көрсететін қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді.
Медицинадағы триаж жүйесі бірнеше науқасқа бір мезгілде медициналық көмек көрсету үшін ресурстар жеткіліксіз болған жағдайларда өте тиімді. Сонымен, триаж жүйесі бойынша медициналық сұрыптауға мыналар кіреді:
-тіркеу бекеті,
-бақылау,
-әмбебап қарау аймақтары, манипуляциялық және шокқа қарсы бөлім,
-операциялар үшін зал (шұғыл араласу),
-науқастар қысқа мерзімде болуға арналған учаске,
-қарқынды терапия палатасы
-инфекцияға күдікті адамдарға арналған бокс.

Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (жасыл аймақ) –медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.
екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;
үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.
Стационарға емдеуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда медициналық көмек көрсеткен маман емхананың тіркеу орнына хабарласып, науқастың жағдайы және сол науқасқа телімдік дәрігердің бару қажеттігі туралы хабарлама береді.