Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 15 қарашасы №ҚР ДСМ-112 Бұйрығына сәйкес Жуалы аудандық орталық ауруханасының онколог дәрігері Дауренова Б. Д. және маммолог дәрігері Есмамбетов К. К. «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсету стандарты» бойынша дәрігерлердің білімін арттыру мақсатында семинар өткізді. Семинар барысында жасыл дәліздің бағыт-бағдары туралы айтылды.
Қатерлі ісік диагнозын қою кезінде пациенттердің диагностикалық
қызметтерге қол жетімділігін арттыруға,пациенттің бағыты бойынша мерзімдерді сақтауға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, мамандардан кеңес алу және амбулаториялық жағдайда қатерлі ісікке күдікке пациенттерді тексеру “Жасыл дәліз” бойынша жалпы кезектіліктен тыс жүргізіледі.
Денсаулық сақтау кодексінің талаптарына сәйкес азаматтар өмір жасының әр кезеңінде әртүрлі дертті ерте аңықтау мақсатында скринингке шақырылады.Бұл тексеру-ауруды алдын ала анықтап,оңтайлы емдеу әдісін таңдауға,уақыты ем-дом қабылдауға көмек. Осыған орай енгізілген Жасыл дәліз қағидаты қатерлі ісікті дер уақытында айқындауға мүмкіндік береді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/532-aza-stan-respublikasy-densauly-sa-tau-ministri-2021-zhyl-y-15-arashasy-r-dsm-112-b-jry-yna-s-jkes.html#sigFreeIdb3aa20ddb1