Ата-аналар мен отбасы мүшелері баланың мінез-құлқын тәулік бойы бақылайтындықтан, аутизмнің алғашқы белгілеріне назар аудару маңызды: ?көзбен байланыстың, жауап ретінде күлімсіреудің және атымен шақырған кезде реакцияның болмауы; ?дене қимылын шектеулі қолданылуы, нұсқаулық қимылдың болмауы; сөйлемей, дыбыс шығармауы; ?құрдастар мен бірлескен ойындарға қызығушылықтың аз болуы; ?заттарды (ойыншықтарды) бір сапқа тұрғызуға ынтасы; жағымсыз мінез-құлық көрінісі: агрессия, өз-өзіне агрессия, өтініштерді орындамау; ?дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы. АОА профилактика бөлімінің сөс маманы, "Сенім" ЖДО мамандары, әлеуметтік кызметкерлер, "Дені сау бала" , "Отбасын жоспарлау және болашақ ана” және басқада денсаулық мектептерінің мед бикелері бірлесе ұйымдастыруымен іс шара өткізілді. Іс шара барысында АОА нарколог дәрігері З.Бердіхожаева дәріс оқыды және де тусіндірме жүмыстары жүргізіліп, сауалнама алынып, ақпараттық оқыту құралдары таратылды.
2- сәуір Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде Жуалы аудандық орталық ауруханасының мамандары ата-аналарды балалардағы аутизмнің алғашқы белгілеріне назар аударуға шақырады