Жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыптары аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жуалы аудандық орталық ауруханасы бірлескен жоспар бойынша, жасөспірімдер жиналыстар өтуде.
Денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударту үшін 2023 жылдың 10 сәуір күні Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан №26 Жанаталап атындағы орта мектебінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыптары аясында жоғарғы сынып оқушыларына профилактикалық кеңестер берілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир Мұратұлы, СӨС МЕД БИКЕСІ Амиреева Камшат Жанабековна және оқушылар қатысты.