Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысының №6 хаттамасының 3.2 тармағы бойынша, жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!», қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» және ата-аналар арасында «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспарына сәйкес, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде.
Ұрпағымызды саналы, салауатты, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен бала және оқушылар арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылған жиналыстар ағымдағы жылдың 6 сәуір күні Көкбастау ауылдық округінде орналасқан №30 Көктөбе атындағы орта мектебі мен №16 С.Сейфулин атындағы орта мектебінде өткізілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы, Акушер гинеколог дәрігері Мырзакулова Ырысты Бейсенбаева, Уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир, СӨС МЕД БИКЕСІ Амиреева Камшат Жанабекқызы, Нарколог психиатр дәрігері Бердіхожаева Зоя Серикбаевна, Әлеуметтік кызметкер Досмаханова Айнур Жиенбаевна, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор – психологы Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы және мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты.
Бекітілген жоспар аясында, Жуалы аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының психологы, акушер гинеколог дәрігері, уролог хирург дәрігері, СӨС МЕД БИКЕСІ, нарколог психиатр дәрігері, Әлеуметтік кызметкер, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор – психологы баяндамаларын жасады.
Сөз кезегін алған қатысушылар «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы», «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!», «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында ата-аналарға, оқушыларға ақпараттар мен кеңестер берді.