"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Профилактикалық жұмыстар бойынша 2023 жылдың 7 сәуір күні Нұрлыкент ауылдық округінде орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебінде қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптарында іс-шарасы өткізілді

Аталған іс шара аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының тапсырмасына сәйкес, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бірлескен жоспары бойынша жоғарғы сынып оқушылар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптарында іс-шарасы өткізілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы, Акушер гинеколог дәрігері Мырзакулова Ырысты Бейсенбаева және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Жиын соңынан жиынға қатысушы қыздар алғыстарын білдірді. 

#ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl