Жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыптары аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Жуалы аудандық орталық ауруханасы бірлескен жоспар бойынша, жасөспірімдер жиналыстар өтуде.
Денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударту үшін 2023 жылдың 7 сәуір күні Нұрлыкент ауылдық округінде орналасқан №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыптары аясында жоғарғы сынып оқушыларына профилактикалық кеңестер берілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир Мұратұлы, "Сенім" жастар денсаулық орталығының психологі Сейтаева Венера Сериковна, СӨС МЕД БИКЕСІ Туралиева Асия және оқушылар қатысты.