Жacөспiрiмдep мeн жacтapдың дeнcayлығын caқтay мәceлeлepiн кeшeндi шeшy мaқcaтындa профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жуалы аудандық орталық ауруханасы бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер жиналыстар өтуде.
Денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударту үшін 2023 жылдың 11 сәуір күні Қызыларық ауылдық округінде орналасқан Ақтөбе тірек мектебінде қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптары аясында жоғарғы сынып оқушыларына профилактикалық іс шаралар өткізілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы, Акушер гинеколог дәрігері Махмудова Жумагуль Камаловна және мектеп оқушылары қатысты. Тақырыптарға қосымша "Адам өмірі бәрінен қымбат!", "Есірткінің зияны туралы" тренингтерде өткізіліп, ақпараттық оқыту құралдары таратылды.