Жacөспiрiмдep мeн жacтapдың дeнcayлығын caқтay мәceлeлepiн кeшeндi шeшy мaқcaтындa профилактикалық жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге қажетті өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Жуалы аудандық орталық ауруханасы бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер жиналыстар өтуде.
Денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударту үшін 2023 жылдың 10 сәуір күні Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Т.Тастандиев атындағы орта мектебінде қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптары аясында жоғарғы сынып оқушыларына профилактикалық кеңестер берілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы Сейтаева Венера Серікқызы, Акушер гинеколог дәрігері Махмудова Жумагуль Камаловна және мектеп оқушылары қатысты