Өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбында Жуалы аудандық орталық ауруханасы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде.
Ұрпағымызды саналы, салауатты, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен бала және оқушылар арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылған жиналыстар ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Қарасаз ауылдық округінде орналасқан Жуалы колледжінің ұлдары арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбы аясында іс – шара өткізілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир, Профилактика бөлімінің денсаулық мектебінің мед бикесі Мамедова Линарамен колледж студенттері қатысты.