"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
13 сәуір күні Карасаз ауылдық округінде орналасқан Жуалы колледжінің ата аналар арасында «Бала өмірінің қауіпсіздігі және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тақырыбында іс – шара өткізілді

«Бала өмірінің қауіпсіздігі және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

Аудан әкімдігі, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер арасында жиналыстар өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Карасаз ауылдық округінде орналасқан Жуалы колледжінің ата аналар арасында «Бала өмірінің қауіпсіздігі және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тақырыбында іс – шара өткізілді. Шараға нарколог психиатр дәрігері Бердіхожаева Зоя Серикбаевна, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор - психологы Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы, Сеним Жастар денсаулық орталығының медбикеси Туралиева А. қатысты. Және қосымша "Қауіпсіз терезе”, «Сібір жарасының алдын алу" тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыптарға сәйкес ақпараттық оқыту құралдары таратылды.