Жуалы ауданына КВИ-ге қарсы 1842 доза екпе әкелінді
«Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 23 мамырдағы № 25 қаулысына сәйкес КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күш құрылымдарының қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан адамдар.»
Осы контингенттер бойынша Жуалы АОА бас дәрігері Б.Б.Усенбаев бастаған медицина қызметкерлері қайталу (повторный) 6-ші этап вакцина алуды бастады. Сіздерді де вакцинация алуға шақырамыз.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/604-zhualy-audanyna-kvi-ge-arsy-1842-doza-ekpe-kelindi.html#sigFreeId75090255b2