Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбында Жуалы аудандық орталық ауруханасы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде.
Ұрпағымызды саналы, салауатты, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен бала және оқушылар арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылған жиналыстар ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Шақпақата ауылдық округінде орналасқан Амангелді атындағы орта мектебі, Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбы аясында іс – шара өткізілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир, Профилактика бөлімінің денсаулық мектебінің мед бикесі Мамедова Линарамен мектеп оқушылары қатысты.
Бекітілген жоспар аясында, Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері, баяндамасын жасады.
Сөз кезегін алған қатысушы «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында оқушыларға ақпараттар мен кеңестер берді.
Шара барысында қатысушылар өзара сұрақ-жауап алысты. Болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша екендігін түсінді.
Жиын соңынан жиынға қатысушылар мен ата-аналармен өз алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.