"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбында жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде

Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру және әкелер, ағалар ықпалы нәтижесінде ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу.

Жасөспірім ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбында Жуалы аудандық орталық ауруханасы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер мен ата-аналар жиналыстары өтуде.

Ұрпағымызды саналы, салауатты, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен бала және оқушылар арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында ұйымдастырылған жиналыстар ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Куренбел ауылдық округінде орналасқан Қаратас негізгі мектебінде ұлдар арасында «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!» тақырыбы аясында іс – шара өткізілді.

Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері Сарыбаев Дамир, Профилактика бөлімінің психологі Аблайхан Бауыржан мектеп оқушылары қатысты.

Бекітілген жоспар аясында, Жуалы аудандық орталық ауруханасының уролог хирург дәрігері, баяндамасын жасады.

Сөз кезегін алған қатысушы «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында оқушыларға ақпараттар мен кеңестер берді.