Профилактикалық жұмыстар бойынша
2023 жылдың 24 сәуір күні Боралдай ауылдық округінде орналасқан М.Ғабдулин атындағы орта мектебінде қыздар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптарында іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс шара аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының тапсырмасына сәйкес, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бірлескен жоспары бойынша жоғарғы сынып оқушылар арасында «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі!» тақырыптарында іс-шарасы өткізілді.
Шараға Жуалы аудандық орталық ауруханасының Сенім жастар денсаулық орталығының психологы Шалаева Жанат Ермуратовна, Акушер гинеколог дәрігері Мырзакулова Ырысты Бейсенбаева және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Жиын соңынан жиынға қатысушы ата-аналар алғыстарын білдірді.