"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата- бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз болашақ ұрпақтың анасы. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдер
«Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата- бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз болашақ ұрпақтың анасы. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер арасында жиналыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Боралдай ауылдық округінде орналасқан С.Байтіков орта мектебінде «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тақырыбында іс – шара өткізілді. Шараға нарколог психиатр дәрігері Бердіхожаева Зоя Серикбаевна, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор - психологы Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы, Сеним Жастар денсаулық орталығының медбикеси Туралиева Асия мен мектеп оқушылары қатысты