Сатыбалды Қуанышбеков атындағы мемориалдық тақта ашылды.
Жуалы орталық аудандық ауруханасының 3-қабаты хирургия бөлімінде 1959-1995 жылдары еңбек еткен көрнекті дəрігер, хирургия бөлімінің негізін қалаушыСатыбалды Қуанышбековке арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.
Жиынға аудан əкімінің орынбасары Анар Садыққызы Ахметова, мəслихат төрағасы Зиядхан Рымбекұлы Бүрлібаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Шерелханұлы Жұмашев жəне ауданның құрметті азаматтары мен ұрпақтары қатысты.
Сатыбалды Қуанышбековтың өнегелі өмір жолымен еңбек жолдарын бірге қызметтес болған əріптесі Сейітхан Шералханұлы Жұмашев еске алып, əңгімелеп берді. Сөз алған аудан əкімінің орынбасары Анар Садыққызы, мəслихат төрағасы Зиядхан Рымбекұлы ықыластарын білдіріп, ұрпақтарына алғыс айтты.
Қазіргі күнде Сатыбалды атаның 5 ұл-қызынан 11 немере, 13 шөбере тарап отыр. Дəрігерлер династиясын жалғастырған отбасы ата жолын қуып, бірнеше ұрпағы ақ халатты абзал жандар.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/653-satybaldy-uanyshbekov-atynda-y-memorialdy-ta-ta-ashyldy.html#sigFreeId83f819671a