Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссисының тапсырмасына сәйкес, Жуалы аудандық орталық ауруханасы, Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мекемесінің бірлескен жоспары бойынша, жасөспірімдер арасында жиналыстар өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Б.Момышұлы ауылдық округтерінде орналасқан М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің ата-аналар арасында «Бала өмірінің қауіпсіздігі мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты тақырыбында іс – шара өткізілді. Шараға нарколог психиатр дәрігері Бердіхожаева Зоя Серикбаевна, "Жастар ресурстық орталығы" КММ инспектор - психологы Мақтабаева Назерке Әбілқасымқызы мен ,"Сенім" ЖДО маманы Туралиева А. Және мектеп оқушылары қатысты. "Сенім" ЖДО мамандары ақпараттық оқыту құралдары таратты. Сөз кезегін алған қатысушы «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» , «Конго кырым қанды безгегінің алдын алу», «Сарып ауруы жайлы не білеміз?», «Имунизация» тақырыбында ата аналарға ақпараттар мен кеңестер берді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/659-bala-mirini-auipsizdigi-men-bala-t-rbiesindegi-ata-anany-r-li-10.html#sigFreeId12c841066c