"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Құрметті әріптестер!!!

Құрметті әріптестер!!!

Бүгінгі Халықаралық мейірбикелер күні құтты болсын!

Өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі.

Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймын.

Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Ізгі ниетпен: Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Усенбаев Батырбек Балтабайұлы