"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Үздік ауылдық мейіргер – 2023

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл жоғары медициналық колледжі мен «Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ бірлесе отырып, мейіргер мамандар арасында 12- мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне арналған облыстық кәсібі байқау ұйымдастырылды.

«Үздік ауылдық мейіргер – 2023» номинациясы бойынша Жуалы аудандық орталық ауруханасы №1-аймақтың мейіргері Абдикайм Акерке Абдыкадирқызы 1 орын иегері атанды . 100 000 теңге сыйақысы берілді және біліктілігін арттыру мақсатында С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетітінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтында білліктілігін арттыруға жолдама берілді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің «Шарапат» атты төсбелгісімен Топаева Гуляим Калдыбаевна марапатталады.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарамасының «Алғыс хатымен» бас медбике Сыздықбаева Нұрғайша Алғабаевна марапатталады.

Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің
«Құрмет грамотасымен» акушерка Барвит Светлана Леонидовна марапатталады.

Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің
«Алғыс хатымиен» медбике Асылбекова Жанна Шойбековна марапатталады.

Абзал жандарға алғыс білдіреміз!

Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы.

Медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына бақыт-береке тілейміз!

Жуалы аудандық орталық аурухана әкімшілігі атынан әріптестерімізді құттықтаймыз!!!