2023 жылдың 16 мамыр күні сағат 11:30 да Мыңбұлақ ауылдық округінде орналасқан №13 А.Байтұрсынов орта мектебінде қыздар арасында "Қыз - тәрбиесі, ұлт - болашағы" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Іс - шараға аудандық аналар алқасының төрайымы Айткулова Күлбақыт Тұрмыханқызы, Б.Момышұлы ауылдық округінің аналар алқасының төйайымы Серғазина Жанаш Қуанымбекқызы, Қарасаз ауылдық округінің аналар алқасының төрайымы Омарова Айгүл Жұмабайқызы, Мыңбұлақ ауылдық округінің аналар алқасының төрайымы Ергебекова Бағила Өмірзаққызы, аудандық орталық ауруханасының "Сенім" жастар денсаулық орталығының психологі Сейтаева Венера Серікқызы және мектеп директорының ұжымы мен мектеп оқушы қыздары қатысты. «Қыз бала тәрбиесі - халықтың байлығы».
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата - ана және қоғам. Сол себепті қыз баласы қашан болмасын тап - таза киініп, шашын таранып, жинақы жүруі керек. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда, сол ұлттық ұранымыздың ішінде тілі, діні, салт - дәстүрі мен тарихы бірінші ойымызға келеді. Міне, қазақ ұлтын қорғаушы да, қолдаушы да біздің ұл - қыздарымыз. Сондықтан да баланы отбасындағы бесіктен бастап дұрыс тәрбие беріп, түзу жолмен жүргізейік. Уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермесін! деген ниетпен тәрбиеге қатысты тақырыптар қамтылды. Оқушы қыз балалар аналарымызға сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісіп, алғыстарын айтты.
#ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/677-yz-t-rbiesi-lt-bolasha-y-ta-yrybynda-yzdar-zhinalysy-tkizildi.html#sigFreeId7920050d2f