Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары Н.А.Ергебековтың қатысуымен және инфекционист дәрігері Ж.Б.Мырзалиева, эпидемиолог дәрігерлері С.Б.Мамыралиев пен Е.М.Амирова «Қазақстан Республикасы халқының арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы №144 бұйрығымен таныстырып, Конго Қырым геморрагиялық қызбасының клиникасы, емі; Кенені алу алгоритмі бойынша семинар өткізілді. ДА-дың аға дәрігерлері, стоматолог дәрігерлері, аға мейіргерлері және орта буын қызметкерлері арасында КҚГҚ ауруы туралы білім деңгейін анықтау мақсатында тест сұрақтары бекітіліп, аттестациялық тестілеу жүргізілді. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/678-k-g-profilaktikasyn-zhetildiru-seminar-tkizildi.html#sigFreeId56ef0d93ac