Жуалы аудандық орталық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мемлекеттік медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясы негізінде қызмет ететін заңды тұлға болып табылады және Жуалы ауданының аймағындағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін монополист болып табылады. Жамбыл облыс орталығына дейінгі қашықтық - 56 км.
Жуалы аудандық орталық ауруханасы 2014 жылы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып аталды.
Жуалы ауданының ауыл тұрғындарына медициналық қызметі: 111 төсек орны бар стационар, клиникалық - диагностикалық зертхана, 250 келішуге арналған емхана, 4 - ші дәрежелі шұғыл көмек көрсету бөлімі, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік - акушерлік пункт, 34 медициналық пункт көрсетеді.
Сонымен қатар, 1 жылжымалы медициналық кешен автобусы, 10 УАЗ маркалы санитарлық көлік, 2 ларгус көлігі, 1 реамобиль көліктері бар.
Жуалы аудандық орталық ауруханасында жалпы 678 адам қызмет атқарады, оның ішінде 78 дәрігер, 340 мейірбике, 124 тазалықшы және 115 басқа да қызметкерлер бар. Орталық аурухана дәрі - дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген, қоймада 2 айлық қоры бар.
Жуалы аудандық орталық ауруханасының клиника - диагностикалық зертханасына 2022 жылдың 1 - ші тоқсанында замануи 5 анализатор алынды. Атап айтар болсақ:
- биохимиялық қан талдауын анықтайтын 18 параметрлі JS T240 анализаторы;
- жалпы қан анализін анықтайтын 21 параметрлі BCC 6900 анализаторы;
- коагулограмма анализін анықтайтын С3100 анализаторы;
- жалпы зәр анализін анықтайтын Н-100 анализаторы,қан құрамындағы газдармен электролиттерді анықтайтын EPOC анализаторы.
- DIRUI FUS-2000 гибридті зәр анализаторы жалпы зәр анализін жүргізуге, сондай - ақ оның біркелкі элементтерін талдауға және бір үлгіні пайдаланып диагностикалауға мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған зәр анализінің жүйесі болып табылады.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 165 операция жасалды, оның 83,7%-ы міндетті медициналық сақтандыру аясында. МӘМС аясында 1292 науқас емделді.