Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне орай Жуалы аудандық орталық ауруханасында "Ашық есік" дәрігерлік қабылдауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс шара барысында Артериялық гипертония денсаулық мектебінде кардиолог дәрігері А.Тұрыс тұрғындар арасында "Артериялық гипертония ауруының алдын алу", "Өз қан қысымынды өлшей аласызба ?" тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, баяндамасын оқыды. АОА Профилактика бөлімінің мамандары - сөс мед бикесі - Амиреева К., Денсаулық мектептерінің мед бикесі Мамедова Л., "Сенім" жастар денсаулық орталығының мед бикесі Туралиева А. тұрғындар арасында қан қысымын өлшеп, ақпараттық оқыту құралдарын таратты.
#ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/686-ashy-esik-d-rigerlik-abyldauy-jymdastyrylyp-tkizildi.html#sigFreeIde3c519e6cf