"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Заманауи гаджеттердің бала денсаулығына әсері

Қазіргі заманда технология үздіксіз дамып келеді, балаларды гаджеттер мен ғаламторсыз елестету мүмкін емес, бірақ кейбір адамдар олардың зияны мен пайдасы туралы білмеуі мүмкін. Электрондық ойыншықтардың, гаджеттердің әсерінен ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас әлсірейді.
Мысалы, егер біреу қандай да бір гаджетпен ұзақ уақыт ойнаса, олардың бұлшық еттерінде қан айналымы бұзылады, содан кейін аяқ-қолы ине шаншып тұрғандай қысылады. Ал балалар үшін бұл өте қауіпті. Компьютердің немесе планшеттің алдында ұзақ уақыт отыру дамып келе жатқан баланың бұлшық еттері мен сүйектеріне теріс әсер етеді, олардың қозғалу мүмкіндігін жоғалтады және жиі бас ауруын тудырады.
Қажетті кеңестер: 1. Балалардың гаджеттерді пайдалану уақыты: 4-5 жас - 15 минуттанаспайды; 6 жас - 20 минут; 7-9 жас - 30 минут; 10-12 жас - 40 минут; 13-14 жас - 50 минут.
2. Егер монитордың алдында ұзақ уақыт сабақ оқыса, әр 20-30 минут сайын 10 минуттық үзіліс жасау қажет.
3. Көз бен монитор арасындағы қашықтық 60-70 см. болуы қажет.
4. Ұйықтар алдында гаджеттерді қолданбаңыз.
5. Таза ауада серуендеуге, спортқа және қозғалыстағы ойындарға уақыт бөлген дұрыс.
6. Ата-аналар мүмкіндігінше желідегі қауіп-қатерге тап болмауын қадағалап отыру керек. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ @densaulyk.zhambyl