"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
“ӘМСҚ” КЕАҚ Басқарма Төрағасы Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметімен танысты

“ӘМСҚ” КЕАҚ Басқарма Төрағасы жұмыс сапарымен Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы ауылына келіп, Жуалы аудандық орталық ауруханасының қызметімен танысты.
Қор басшысы оның өңірлерге сапарларының басты мақсаты жергілікті жерлердегі жағдайды көзбен көру және жүйені одан әрі қалай дамыту және қандай тәсілдерді өзгерту керектігін бағдарлау екенін айрықша атап өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Ахметов Сәбит Жамбыл облысының медициналық жұртшылығымен өзекті мәселелерді талқылады.