Балаға қажетті дәрумен ана сүтімен беріледі
Омыраумен емізудің бала үшін, ана үшін, жанұя үшін және еліміз үшін де пайдасы бар. Бала үшін ана сүті – ең жақсы тағам. Баланы 9 ай көтерген ана ағзасындағы әрбір жасуша балаға қандай микроэлементтің қажет екенін сезеді. Яғни, ана өз сүті арқылы ақуыз, көмірсу, май, пайдалы дәрумен, минералдарды тура балаға керек мөлшерде бере алады. Сондай-ақ, ана сүтін «Баланың иммунитеті» деп атайды. Себебі, ана сүтінде иммуноглобулиндер бар. Ол сәбидің әртүрлі вирус, инфекция, микробтарға қарсы күресуіне мүмкіндік береді. Емізу баланың анасына деген сүйіспеншілігін арттырады және бала анасының махаббатын сезеді. Сүйіспеншілікте өскен бала басқаны да сүюге қабілетті болады.
Жаңа туған сәбиді бір сағатта ана омырауына салу керек. Бала емгенде, ананың гормондық теңгерімі дұрысталады, жатыры жиырылып, босанудан кейінгі қан кетуден қорғайды. Омырау обыры немесе аналық бездегі обырдың алдын алуға болады. Психологиялық тұрғыда да, әйел тоғыз ай көтерген сәбиін бауырына алып, қоғам алдындағы аналық борышын орындағанын ұғынады.
.
Апталық аясында Жуалы аудандық орталық ауруханасында және аудандық ауруханаға қарасты дәрігерлік амбулаторияларда орталық емхана патронаждық медбикелердің ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізілуде.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/715-1-7-tamyz-d-niezh-zilik-ana-s-timen-emizu-aptaly-y.html#sigFreeId05a3f70213