Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Тараз қаласының «Нығмет» қорының жетекшісі Ш.Б.Сүйменқұл және «Жуалы адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Б.Толымбек 2023 жылдың 8 тамызында Жуалы орталық ауруханасының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында жиналыс өткізді. Және де сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call- орталығына хабарласа алатындықтарын қызметкерлердің естеріне салды. Жиналыс барысында аурухананың қызметкерлері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен танысып, жан-жақты мағлұмат алды.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/723-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-is-imyl-rbir-azamatty-mindeti-ta-yrybynda-zhinalys-tkizildi.html#sigFreeIdc3cf2e1e9d