"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Қазақстан Республикасы аумағындағы медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметпен байланысты инфекциялардың алдын алу жоспары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі 2023 жылғы 22 тамыздағы №500 бұйрығына, сонымен қатар осы бұйрықпен қосымша бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағындағы медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық қызметпен байланысты инфекциялардың алдын алу жоспары» негізінде, сонымен қатар Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының №259/361-ө 01.09.2023 жылғы «МККБИ профилактикасы мәселелері бойынша көшпелі семинар өткзу» бұйрығы негізінде Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Н.Тасжурекова, Денсаулық сақтау басқармасының бала мен ана денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы М.Жұмабаев, Жамбыл облысы балалар ауруханасының госпитальды эпидемиологы А.Әбділданың қатысуымен Жуалы ауданы медициналық қызметкерлерімен 05-06 қыркүйек күндері семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Семинарға барлығы 4 аудитория жиналу арқылы, 214 медицина қызметкерлерін қамтыды. Оның ішінде 36 дәрігер, 103 орта буынды медицина қызметкерлері, 75 кіші буынды медицина қызметкерлері.
Семинарда медициналық көмекпен байланысты пайда болған инфекциялардың маңыздылығы, инфекциялық бақылаудың негізгі міндеттері мен функциялары, жұмыс жасау алгоритмдері, негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мәселелері талқыланды. Ерекше назарда медициналық ұйымдарда медициналық көмекпен байланысты пайда болған инфекцияларды белсенді анықтау критерийлері талқыланды.
Семинар соңында медицина қызметкерлері арнайы тестілеуден өткізіліп, бағаланды. Осы бағыттағы жұмыстарды Жуалы АОА-сының эпидемиолог дәрігерлері Е.М.Амирова мен С.Б.Мамыралиев аудандық дәрігерлік амбулаториялардың медицина қызметкерлеріне каскадты оқыту әдісі негізінде жалғасын табуда. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы