Облыстық балалар ауруханасында менторлық жүйе бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыру циклы аясында Жамбыл облысының балалар анестезиологтары мен реаниматологтарына арналған тәжірибелік сабақтар өтті. Астана қаласының Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығ
Оқыту бағдарламасы аясында күрделі жағдайларды бақылау мен болдырмауға арналған дәрістерден тұрды. Нейрохирургиялық операциялар кезінде көп қан жоғалту, геморрагиялық шок және жіті респираторлы дистресс-синдромы тәрізді өмірге қауіп төндіретін мәселелер туралы өз тәжірибелерімен бөліскен Астаналық мамандар нейрохирургиялық және ортопедиялық ота кезіндегі анестезияның мүмкіндіктірін көрсетті.
Менторлық бағдарламасы аясында балалардағы өткір және созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің әдістері заманауи технологиялардың демонстрациясымен өтті. Операциялық араласулар кезіндегі пациенттің ағзасындағы өзгерістерді бақылау – реанимациялық шараларды өткізудегі маңызды іс. Сондықтан дәрігерлер тыныс алу механикасындағы кез келген ауытқуларды, қанның күші мен көлемін мұқият қадағалауы қажет. Бұл көрсеткіштердің өзгеруі операциялық және анестезиологиялық шаралардың қаншалықты дұрыс жасалғандығын анықтауға мүмкіндік береді.
«Астананың білікті мамандарын тәлімгер ретінде облысымызға шақыру – өте тиімді әдіс. Өйткені, олардан үйренеріміз көп. Біздің облыста дауасы табылмай отырған науқастарды басқа клинкаларға жібергенше, медицинаның сол жетістігін дәрігерлерімізге үйретіп, өзіміздің кішкентай пациенттерімізді өзіміз емдеген әлдеқайда тиімді. Ауруханамызда науқастардың қажзеттіліктерін қанағаттандыру үшін, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, тараздық дәрігерлердің кәсіби деңгейін үнемі арттырып келеміз. Өз мамандардың біліктілігін арттыру – облыстық балалар ауруханасының негізгі бағыттарының бірі» – деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Рабандияров.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық
сақтау басқармасының баспасөз орталығы