"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Тұмаудан қалай сақтану керек?

Тұмау – эпидемия және пандемия түрінде кең таралған, клиникалық ағымы ұзақ емес жіті респираторлық вирусты инфекция. Тұмау эпидемиясы жыл сайын болатын үрдіс. Ол дене қызуының кенет көтерілуімен, жөтелмен, бас ауруымен, бұлшық еттің, тамақтың ауруымен, мұрынның бітеліп, түшкірумен сипатталады.
Күз мезгілінде еліміздің барлық емханаларында аталмыш инфекциямен күресу және оның алдын алу шаралары жүргізіледі.

Жамбыл облысында жыл сайын орта есеппен жіті респираторлық вирусты инфекция және тұмау ауруымен 20-30 мыңнан астам науқас медициналық көмекке жүгінеді, оның ішінде 60% - дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

Тұмаудан сақтану үшін төмендегі ережелерді басты назарда ұстаңыз:
1) бөлмені үнемі желдетіп, таза ұстаңыз;
2) үнемі қозғалыста болып, зиянды әдеттерден бас тартып,
демалыс пен жұмыс уақытын дұрыс жоспарлаңыз;
3) спортпен жиі айналысып, иммунитетіңізді көтеріңіз;
4) өзіңізді нашар сезінсеңіз, міндетті түрде дәрігердің қаралымынан өтіңіз;
5) егер туысқандарыңыз бен таныстарыңыз тұмаумен ауырса, медициналық бетперде тағып, мейлінше жақындамауға тырысыңыз.