"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
"Отбасын жоспарлау және болашақ ана"

10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескерту және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күштерін жұмылдыруға себеп. Дәл осы халықаралық күн оны «қорғауға» арналған. Осыған орай Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің "Отбасын жоспарлау және болашақ ана" денсаулық мектебінің мед бикесі К. Юлдашеваның ұйымдастыруымен, "Сенім" жастар денсаулық орталығының психологі В.Сейтаева жүкті әйелдер арасында психологиялық тренинг өткізді. Жүкті әйелдер арасында психологиялық көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін "Әуенді терапия" сергіту сәтін өткізді. Сұрақ жауап, бір бірлеріне алғыстарын білдірді. Іс шара соңында әлеуметтік қызметкер Г.Шохатова ақпараттық оқыту құралын таратты