10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – қоғамға психикалық денсаулық мәселелері туралы ескерту және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күштерін жұмылдыруға себеп. Дәл осы халықаралық күн оны «қорғауға» арналған. Осыған орай Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің "Сенім" жастар денсаулық орталығының тренинг залында психолог В.Сейтаеваның ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында психологиялық тренинг өткізді. Мед бикелер арасында психологиялық көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін "Әуенді терапия", "Қоғамда мен тұлғамын", "Қаламсап" сергіту сәттерін өткізді. Сұрақ жауап, бір бірлеріне алғыстарын білдірді. #ЖуалыАОА #ЖуалыЦРБ Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы