"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
«Менің тілім – мәңгілік тіл»
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, денсаулық сақтау қызметкерлері арасында «Менің тілім – мәңгілік тіл» облыстық тіл байқауын өткізді. Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінде «Қаза
Байқаудың шарты: «Менің тілім – мәңгілік тіл» облыстық байқауына міндетті түрде денсаулық сақтау мекемесінде жұмыс істейтін қызметкерлерден құралған топтар (командалар) қатысады.
 
Бірнеше мекемелер атынан құрама топ (команда) жасқатауға болады. Команда құрамында 5 адам болып (өзге ұлттың өкілдері болған жағдайда бағалау барысында есептеледі), топ басшысының лауазымы дәрігердің орынбасары немесе бөлім басшысы (меңгерушісі) болуы тиіс.
Ұлттық ата-салт дәстүрлерінен, мақал-мәтелдер айтудан, медициналық терминдердің аудармасынан және тіл туралы Заңның сөйлемдерін құрастырудан сайысқа түскен дәрігерлер арасынан тері-венерологиялық диспансері қызметкерлерінен құралған «Дәрумен» тобы бас жүлдені, облыстық балалар ауруханасының «Шипагер» тобы – І орынды, №5 қалалық емханасының «Сұңқар» тобы – ІІ орынды, облыстық аурухананың «Аманат» тобы – ІІІ орынды иеленді. Барлық командалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталынды.