"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Бүгінгі қыз- ертеңгі болашақ ана

«Бүгінгі қыз- ертеңгі болашақ ана» дегендей , ерте жүктілік біздің менталитетке байланысты жыныстық тәрбиенің қалыптаспауынан болады. Яғни жыныстық қатынастың соңы жүктілікке әкелуін түсіндіру қажет. Ерте жүктілік тек қана психологиялық күйзелістерді ғана емес, ол физиологиялық тұрғыда да ағзаға үлкен зиянын алып келеді. Себебі, ол жасөспірімнің ағзасы жүктілікке дайын болмайды. Ол жүктілік ананың ғана емес, баланың да өміріне қауіпті. Ананың қызбен, ұлдың әкемен жақын, сенімді қарым-қатынас орнатуы, ашық сөйлесуі, түсіндіру және де қандай жағдай болмасын ата-анаға сенім арта білуін қамтамасыз етуі қажет. Егер ата-ана баласымен, қызымен ашық сөйлесуге ұялса, кітап және басқа да материалдарды оқытса болады.
Балаға әрқашан «мен сені қандай жағдай болмасын жақсы көрем, сен жаман бол, жақсы бол, сол қалпыңда қабылдаймын» деп жиі айтқан жөн.
Медициналық тұрғыда ненің қалай болатынын, өз ағзасында не болуы мүмкін екенін ғылыми түрде түсіндіру, тек қыздарға емес, ұлдарға да айтылуы керек. Балалармен қатал, агрессивті түрде сөйлеспеген абзал, керісінше, сенімді қарым-қатынас орнату керек. Қарым-қатынас орнатқаннан соң, ерте жүктіліктің неге алып келетінін ашық айту қажет.