"Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
0
Ауданымызда тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды!

Жуалы аудандық орталық емханасында және аудандық орталық ауруханаға қарасты барлық дәрігерлік амбулаторияларда тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталып кетті.
Ауданымызға барлығы 2023 жылдың 2 қазан күні аудан халқын иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 1848 дозасы келген.
«Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген. Аталған вакцинаның құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар.
Екпені алғашқылардың бірі болып ауруханамыздың медицина қызметкерлері салдырып бастады.
Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлерімен қатар, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 65 жастан асқан адамдар жатады. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
Екпе егу науқаны қараша айының соңына дейін жүргізіледі. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта керек. Сол уақыт аралығында тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеу қажет.
Сонымен қатар: «тұмау асқыну мен өлім қатеріне байланысты қауіпті. Егер кейбір адам тұмау жұқтырып ауырғанда, бірнеше күн ғана қиналса, ал оның жұқтыруы мүмкін нәресте, қарт адам және иммунитеті әлсіреген адамдарда ауру қатты асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Тұмау асқынуларымен өте қауіпті, сондықтан аурудың алдын алу үшін тұмауға қарсы екпе алыңыз!

Жуалы аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігері С.Б.Мамыралиев