Жуалы аудандық орталық ауруханасында «Қазақстан Республикасы халқының арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының диагностикасы мен профилактикасын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы №144 бұйрығын басшылыққа ала отырып бас дәрігер Б.Б.Усенбаевтың бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 11, 12 , 13 күндері АОА-ның медицина қызметкерлеріне «КҚГҚ профилактикасын жетілдіру және алдын алу» мақсатында семинар сабақтары ұйымдастырылып жүргізілді.
Семинарда АОА-ның эпидемиолог дәрігерлері Е.М.Амирова мен С.Б.Мамыралиев КҚГҚ-ның аурухана ішінде жұқтырудың алдын алу алгоритмін және «І типтік обаға қарсы костюмның көп реттік түрін киіп-шешу алгоритмін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Сондай-ақ, Жуалы аудандық орталық ауруханасының аудандық акушер-гинеколог дәрігері Г.С.Егизбаева «Ұрық жолдасының мерзімінен бұрын жылжуы» кезінде шұғыл орындалатын іс шаралар алгоритмі және трансфузиолог дәрігер А.Қ.Аширбеков «ДВС синдромының» белгілерін, клиникасы, емімен қатар аталған аурулардың КҚГҚ –сы кезіндегі дифференциалды диагностикасы бойынша баяндамалар жасады.
Семинар соңында сұрақтар талқыланып, медицина қызметкерлерінің «КҚГҚ-сы ауруы бойынша» білім деңгейін анықтау мақсатында тестілеу жүргізілді.
https://crbjualy-zhambylzdrav.kz/novosti-kz/776-kongo-yrym-gemorragiyaly-yzbasyny-diagnostikasy-men-profilaktikasyn-zhetildiru.html#sigFreeId7e99ad0610